Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Парламент мәжілісінің отырысында «Ақ жол» фракциясының депутаты Ержан Бейсенбаев болашақта өз мамандықтарын дұрыс таңдау үшін 8-11 сынып оқушылардың мемлекеттік мекемелерге барып, танысуын білім беру бағдарламасына енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Мектеп түлектері мамандық таңдауда болашақта кім болғысы келетінін нақты білуі үшін 8-сыныптан бастап жарты жылда бір рет медициналық, өртке қарсы, полиция және басқа да ұйымдарға танымдық сапарлар өткізуді ұсынамыз. Осындай танымдық экскурсиялардың арқасында болашақ талапкерлер таңдаған мамандығы туралы нақты түсінікке ие болады», - деді депутат.