Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Нұр-Сұлтан қаласында 8 мың әлеуметтік тұрғын үй салынады, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Шілде айына құрылған жоспар бойынша үй кезегінде тұрған 1200 отбасы баспаналы болады. Олардың қатарында тұрмыс жағдайы төмен азаматтар, мүгедек балалары бар отбасылар, жетім балалар, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар бар.
«Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, қолжетімді әлеуметтік баспана саны 3 есе артады. Кезекте тұрған жандарға сегіз мың пәтердің кілті табысталады. Карантин уақытында құрылыс компанияларымен үнемі байланыста болып, онлайн-кеңес өткіземіз, жұмыс уақытын қадағалаймыз. Баспана кезегін барынша жеделдетуге тырысамыз. Сонымен қатар биыл коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлері, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер, полиция қызметкерлері пәтер алады», – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
Биыл ұзаққа созылған құрылыс себебінен жылдар бойы күтуге мәжбүр болған 8 мың үлескер баспана алады.
Тағы көру