Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астана қаласында әлеуметтік желі арқылы заңсыз ойын ұйымдастырған тұрғынға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасы мәлімдеді.
Қала тұрғыны Instagram желісінде тікелей эфир арқылы "Бинго" ойынын өткізіп, 90,6 миллион теңге заңсыз табыс тапқан.
Тергеу мәліметінше, қала тұрғыны материалдық пайда көзін заңсыз жолмен табу мақсатында ақшалай бәс тігулер қабылдап, жеңімпаздарды анықтап отырған. Ұтыс сомаларын қатысушыларға телефон нөмірі арқылы жіберген.
Мемлекеттік айыптаушы сотқа сотталушының кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтар ұсынды. Сот шешімімен оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.