Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Абай облысында оқушы күн коллекторын жасады
Жаңалықтар

Абай облысында оқушы күн коллекторын жасады

09.11.2024
1 мин
0
198
Сурет: atmos.by

Абай облысында 10-сынып оқушысы күн энергиясын тиімді пайдалануға арналған инновациялық жоба жасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Дмитриев ауылының тұрғыны Жеңіс Божаев күн энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдалануды мақсат етеді. Бұл жоба арқылы өңірде көмір, отын және электр энергиясына тәуелділікті азайтуға болады. Жеңіс Божаев жобасын үш жыл бойы әзірлеген. Ол күн коллекторын ағаш пен пеноплекстен құрастырған. Құрылғы бірнеше рет сынақтан өтіп, 40 сантиметрлік коллектор 30° температураға дейін қызу беріп, күні бойы 2 млн 142 мың джоуль энергия жинаған. Яғни, бұл күн коллекторы ғимаратты жылытып, ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жеңіс Божаев, оқушы:

- Менің жобам біздің өңірімізге қажет деп есептеймін. Біз қазір көмір мен отынға тәуелдіміз. Ал менің жобам күн энергиясын тегін пайдалануға мүмкіндік береді. Яғни, үйді жылытуға және тұрмыстық қажеттіліктерге қолдануға болады.

Жеңістің айтуынша, 23 шаршы метр көлеміндегі құрылғы бір үйді жылытып, ыстық сумен қамти алады. Күн коллекторы үйдің төбесіне орнатылады. Жетекшісі, физика пәнінің мұғалімі Владимир Власенко шәкірті Жеңістің қызығушылығын бірден байқаған. Енді олар жобаның нәтижесін көпшілікке ұсынуды жоспарлап отыр.

Владимир Власенко, физика пәнінің мұғалімі:

- Біз жасаған құрылғыны күзде сынақтан өткіздік, ол оң нәтиже берді. Яғни, күн коллекторы арқылы тегін энергия алуға болады. Енді бұл жобаны өңір тұрғындарына ұсынамыз. Қаражат жағынан қолдау тапсақ, оны іс жүзінде сынап көруге болады.

Абай облысында 302 мектеп бар, онда 100 мыңнан астам оқушы білім алады. Биыл өңірде 200-ге жуық бала инновациялық жобалар жасаған.

Салтанат Заманбекова, облыстық Білім басқармасының баспасөз хатшысы:

Дарынды оқушылардың инновациялық жобалары облыстық және республикалық байқауларда көрсетіледі. Осылайша олар өз шеберліктерін шыңдап, идеяларын жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болады. Білім басқармасына қарасты инновациялық-әдістемелік орталық пен облыстық дарын орталығы оқушыларға түрлі жобаларға қатысуға мүмкіндік береді.

Жеңіс Божаев:

- Егер жоба іске асса, экологияны жақсартуға үлес қоса аламыз. Қазір біз құрылғыны қыс мезгілінде сынақтан өткізуді жоспарлап отырмыз.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл