Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Су тасқынына тосқауыл: Есілде алып контрреттегіш салынбақ
Жаңалықтар

Су тасқынына тосқауыл: Есілде алып контрреттегіш салынбақ

09.01.2026
мин
0
228
Сурет: ҚР Су ресурстары және ирригация министрліг

870 млн текше метр су жинайтын Есіл контрреттегішін салу жобасы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ақмола облысында Есіл контрреттегішін салу жобасы мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алды. Нысан 873 млн текше метрге дейін тасқын су жинауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы елді мекендерді су басудан қорғайды.

Жобаны биыл Азия даму банкінің қолдауымен жүзеге асыруды бастау жоспарланып отыр. Айта кетейік, былтыр желтоқсанның басында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен халықаралық қаржы ұйымы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

- Контрреттегіш тасқын судың бір бөлігін жинауға және қайта бағыттауға мүмкіндік береді. Бұл оның Есіл өзенінің төменгі ағысында қауіпсіз өтуін, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының Сергеев және Петропавл су қоймаларының тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, нысан 25 мың гектарға дейін суармалы жерді сумен қамтамасыз етеді, – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл