| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елордада жол шетінде көлігі бұзылып тұрған азаматты өзге автокөлік қағып кетіп, салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Өңірлік Полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Астана қаласында адам өлімімен аяқталған қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды. Қайғылы оқиға 5 қазан күні Қошқарбаев пен Орхон көшелерінің қиылысында орын алғанымен, апат туралы видеодеректер әлеуметтік желілерде тек 9 қазанда тарала бастады.
Алдын ала анықталған деректерге сүйенсек, Volkswagen Passat маркалы көлігінің жүргізушісі техникалық ақаулыққа байланысты жол шетіне тоқтауға мәжбүр болған. Ол автокөлігінің жүк салғыш бөлігінің жанында тұрған сәтте, оған жоғары жылдамдықпен келген Hyundai Tucson автокөлігі келіп соғылған. Соққы салдарынан ауыр жарақат алған жүргізуші жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында көз жұмды.
Астана қалалық Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты ресми түсініктеме беріп, қайғылы жағдайды растады.
- Hyundai Tucson маркалы көліктің жүргізушісі Қошқарбаев көшесімен қозғалып бара жатып, Орхон көшесімен қиылыста тоқтап тұрған Volkswagen Passat жүргізушісін қағып кеткен. Сондай-ақ аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қақтығысқа себепші болған Hyundai Tucson көлігі арнайы коммуналдық тұраққа қамалды, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалып, тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр.