Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шымкентте қайтарымсыз грантқа өтінім қабылдау қашан басталатыны белгілі болды
Бизнесті қолдау

Шымкентте қайтарымсыз грантқа өтінім қабылдау қашан басталатыны белгілі болды

13.10.2025
мин
0
161
Сурет: Zakon.kz

Шымкентте 20 қазаннан бастап Business.enbek.kz порталында бизнес идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз гранттарға өтінім қабылдау басталады. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ведомствоның мәліметінше, кезекті үшінші лекте 93 адамға 400 АЕК (1 572 800 теңге) көлемінде қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр.

Өтінімді жұмыссыз ретінде тіркелген тұрғындар, жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылдан аспауы тиіс) бере алады.

Үміткерлер келесі әлеуметтік санаттардан болуы шарт:

  • мүгедектігі бар тұлғалар;
  • көпбалалы немесе аз қамтылған отбасы мүшелері;
  • "қандас" мәртебесі бар азаматтар;
  • мүгедек баланы тәрбиелеп отырған жандар;
  • асыраушысынан айырылғандар;
  • өңіраралық қоныс аударушылар.

Бұдан бөлек, "Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде соңғы 3 жылда кәсіпкерлік негіздері бойынша оқығаны туралы сертификаты болуы қажет.

Өтінім беру үшін:

  • порталда тіркелу;
  • грант шарттарына сәйкестікті растау;
  • бизнес-жоспарды толтыру;
  • өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қою қажет.

Сондай-ақ мансап орталықтары немесе ХҚКО-дағы өз-өзіне қызмет көрсету аймақтары арқылы да өтініш беруге болады.

- Қаражатты құрал-саймандар мен жабдықтар, мал, тұқым, көшет сатып алуға және жалға алу шығындарын жабуға жұмсауға болады. Грант иегерлерін комиссия өкілдері іріктейді. Үміткер өз жобасын комиссия алдында қорғайды, - делінген хабарламада.

Бағалау мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі:

  • бизнес идеяның бәсекеге қабілеттілігі;
  • өткізу нарығының нақтылығы;
  • қаржылық өміршеңдік;
  • жаңа жұмыс орындарын құру әлеуеті.

"Комиссия шешімі порталдағы жеке кабинетке жіберіледі. Қолдау тапса, келісім жасалып, қаражаттың жұмсалуы бойынша электронды форматта тоқсан сайын есеп беріледі", - делінген хабарламада.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл