| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін республиканың басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Еліміздің батысында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болжанған. Солтүстікте аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Республиканың барлық аумағын тұман басып, жел күшейеді.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыс желдің екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігі мен шығысын тұман басады.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман болады.
Тұман Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде де болжанған.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Аймақтың оңтүстік-шығысында, солтүстігінде жел ұйытқып, екпіні 15-20 м/с болады.
Алматы облысының таулы аудандары мен оңтүстік аймақтарда кейде тұман күтіледі.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады.
Қалың тұман Абай облысының орталығын да басады.
Еліміздің орталығы мен Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Орталықта, оңтүстік-шығыс пен батыс аумақтарда жел тұрып, екпіні 15 м/с жетеді.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыс пен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жететін жел тұрады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде де тұман болжанған.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған қар жауып, қарлы боран болады. Облыстың батысын тұман басады.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман болады.
Маңғыстау облысының батысында түнде және таңертең көктайғақ болжанған. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Күндіз өңірдің оңтүстік-шығыс, батыс және орталығында жел тұрады.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кейде тұман болады. Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.