Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай шығарылған монеталар 1 қыркүйектен бастап сатылымға түседі. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
"Номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан жасалған ABAI. 175 JYL коллекциялық монеталары 2020 жылдың 1 қыркүйегінен сатыла бастайды", - делінген хабарламада.
100, 500 теңгелік тиындарды Ұлттық банктің барлық бөлімшелерінен сатып алуға болады.
Еске сала кетейік, ABAI. 175 JYL коллекциялық монеталары тамыз айында шыққан. Десе де карантин режимінің ұзартылуына байланысты монеталарды сату кейінге қалдырылған болатын.