Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Абайдың 175 жылдығына орай бөліген қаражаттан үнемделген 1,7 млрд теңге қайда жұмсалғандығы жайлы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты.
«Үнемделген қаржы бюджетке қайтарылды. Жыл басталарда жоспар бойынша көптеген офлайн шараларды ұйымдастыру жоспарда болған. Десе де карантинге байланысты олардың көбі тоқтатылды. Артық қалған қаражат Шығыс Қазақстанның инфрақұрылымын дамытуға, қаладағы басты музейді көркейтуге, Ахмет-Риза мешітін реставрациялауға, сондай-ақ Жидебай-Бөрілі мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейін дамытуға жұмсалды. Ақынның шығармаларының 10 тілдегі 10 томдығын шығаруға қаражат бөлінді», — деді Ақтоты Райымқұлова.