Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Тұрғынды үлкен қатерден арашалап қалған Мәртөк ауданы Қаратоғай ауылдық округінің әкімі Руслан Байсағизов Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Д.М.Жазықбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, 2 маусым күні Ақтөбе облысының Мәртөк ауданы Қаратоғай ауылының тұрғыны 50 метрлік мұнараға көтеріліп, өз-өзіне қол жұмсамақ болады. Оқиға орнына келіп жеткен барлық төтенше қызмет өкілдері мен ағайын-туыстарының сөзіне құлақ аспаған ер адам тілдесуден мүлде бас тартқан.
Ер адамға тек ауылдық округтің жергілікті әкімі Руслан Байсағизов көмектесе алды. Ол өзі биіктікке көтеріліп, екі сағат бойы келіссөз жүргізген. Нәтижесінде альпинистік жабдықтың көмегімен ер адам ақыры мұнарадан түсіріледі.
Агенттік төрағасының арнайы жолдаған алғыс хатын Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Әділбек Мұқашев табыстады.