| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері басқарма төрағасы Бағдат Мусинге видеоүндеу жолдап, жалақыны көтеруді талап етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Олардың айтуынша, қазіргі инфляция мен қымбатшылық жағдайында қолдағы табыс отбасы қажеттіліктерін өтеуге жеткіліксіз.
- Азық-түлік, коммуналдық қызмет ақысы қымбаттап кетті. Қазіргі жалақымен қарапайым жұмысшылардың күн көруі қиын, – делінген үндеуде.
Қызметкерлер сондай-ақ жоғары басшылықтың 10 айлық көлемінде бонус алғанын, ал қатардағы мамандарға небәрі 20 мың теңге төленгенін әділетсіздік деп санайды.
- Бұл – біздің еңбегімізді бағаламау, – дейді мамандар.
Олар компания басшылығынан жағдайға назар аударып, техникалық және өндірістік жұмысты атқаратын қызметкерлердің жалақысын қайта қарауды сұрап отыр.