Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Air Astana Астанадан Данангқа тікелей рейс ашты
Жаңалықтар

Air Astana Астанадан Данангқа тікелей рейс ашты

16.05.2025
1 мин
0
246
Сурет: Air Astana

2024 жылғы 14 мамырда Air Astana Астана мен Вьетнамның Дананг қаласы арасындағы алғашқы тікелей рейсті орындап, Вьетнам бағытындағы маршруттық желісін кеңейтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

А321LR әуе кемесі Астананың халықаралық әуежайынан сағат 22:55-те ұшып шығып, жергілікті уақыт бойынша 08:25-те Дананг халықаралық әуежайына қонды.

Air Astana Данангқа тікелей тұрақты рейстерді аптасына екі рет – сәрсенбі және жексенбі күндері орындайды.

Дананг – Вьетнамның орталық бөлігінде орналасқан жағалаудағы қала. Қала ақ ұлпа жағажайлары, туристік нысандары және жақсы көлік инфрақұрылымымен танымал. Данангтан бір сағаттық жолда орналасқан Хойан қаласы – Оңтүстік-Шығыс Азияда жақсы сақталған тарихи сауда портының бірегей үлгісі ретінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген.

Жазғы ұшу кестесі аясында Air Astana әуе компаниясы Вьетнам бағытындағы рейстер санын 11-ге дейін ұлғайтты. Қазіргі уақытта Нячанг қаласына рейстер аптасына төрт рет Алматыдан және үш рет Астанадан орындалуда. Дананг бағыты бойынша рейстер аптасына екі рет Астанадан, ал 2025 жылғы 4 маусымнан бастап бұл бағыт бойынша Алматыдан да аптасына екі рейс орындалады. Қазақстан азаматтары Вьетнамда 30 күнге дейін визасыз саяхаттай алады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл