Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Белгілі журналист әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан жайында тағы бір тың мәліметті жариялады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Бармысың, бауырым?» бағдарламасының жүргізушісі Қымбат Досжан Бельгияға қайтып кеткен Жәнібектің әкесі табылып қалуы мүмкін екенін айтты.
«Мен, Жәнібектің әкесі болуым мүмкін. ДНҚ анализ тапсырайыншы, деп бір Бауыржан есімді азамат хабарласты. Бүгін Әсел Асқарқызымен бірге клиникаға барып, Бауыржан қан тапсырды. Енді нәтижесін күтеміз», - деп жазды Қымбат Досжан.
Еске салайық, бельгиялық қазақ баласы күзде туған ата-анасын іздеп Қазақстанға келген еді. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген болып шықты. Ол біраз уақыт туған елінде болып, елді шарлап жүріп анасын іздеді. Бірақ туған анасы сол қалпы табылмады. Бұған дейін Жәнібектің анасы болуы мүмкін деген 10 әйел зерттеу нысанына алынғанымен, одан ешқандай нәтиже шықпады. Қазір визасының мерзімі аяқталуына байланысты отанынан кетуге тура келді. Дегенмен Жәнібектің Қазақстандағы заңды өкілі Қымбат Досжан іздеу жұмыстары тоқтамайтынын айтты.