Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бұл туралы Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы басшысы Дәурен Бабамұратов мәлім етті, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Құрметті достар! Қала тұрғындары! Осы айдың соңына дейін ауыз су тапшылығы қалада шешіледі. Дегенмен дәл қазіргі уақытта кейбір тұрғын үйлерде судың аздығы шамадан тыс қатты байқалатынын түсініп отырмыз. Мұндай үйлердің мәселесін «Астана Су Арнасы» және аудандық әкімдіктер бірлесіп шешуде. Кейбір жерлерде үйдің насостары қайта бекітіліп, соның арқасында судың ағысы күшейтіліп жатыр. Бірақ ол барлық жағдайда бірдей көмектесе бермейді.
Дегенмен «Астана Су арнасы» барлық тұрғын үйлерге теңдей қарап, су тапшылығын шешуге тырысуда. Алайда су қоймаларында деңгей қатты төмендеп кеткен кезде, олар сол су қоймаларын толтырып алғанша қаладағы ағысты азайтуға мәжбүр. Әдетте бұл түннен-таңға дейін жалғасады. Мұндай кезде сабыр сақтағаннан басқа ештеңе көмектесе алмайтыны тағы анық.
Сол себепті қалыптасқан жағдайға азаматтарды түсінушілікпен қарап, заңға қайшы әрекеттерден аулақ болуға шақырамыз. Көше жабылса, су келеді екен деп түсіну қате. Есесіне, заңға қайшы әрекет, басқа азаматтардың еркіне нұқсан келтіріп, жол-көлік апатына әкелуі ықтимал.
Сол себепті, қалыптасқан жағдайда өзге тұрғындар секілді заң аясында бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз. Әрбір арыз-шағым толық қаралады, мамандар сізге міндетті түрде көмектеседі.
Толыққанды су тапшылығы құрылысы 2021 жылы басталған су тазалау станциясы іске қосылған кезде, яғни осы маусымның 30-нан кейін шешіледі.
Сонымен қатар келесі аптада Астана су қоймасынан тағы бір құбыр су станциясына жіберіледі. Бұл да су тапшылығының шешілуіне көмектеседі», – деді Дәурен Бабамұратов.