Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Достар, гранттарға байланысты тағы бір жағымды жаңалықпен бөлісуді жөн көрдім. Биыл жергілікті атқарушы органдар 2500 грант бөлді. Гранттар өңірлерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша бөлінген. Білім гранттарын тағайындау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін талапкерлер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы өтініш беру қажет»,- деді министр.
Министрдің сөзінше, әкімдіктер жыл сайын басым мамандықтар бойынша нысаналы даярлыққа гранттар бөледі. Негізінен өңірлерге педагогтер, дәрігерлер, инженерлер және IT-мамандар қажет. Мысалы биыл, 1475 грант «Педагогикалық ғылымдар» және 424 грант «Денсаулық сақтау» бағытына бөлінген.
Жылдағыдай 1000-нан астам грант бөлген елорда әкімдігі көш бастап тұр. Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан облысы – 270 грант, Абай облысы – 200 грант, Маңғыстау облысы – 175 грант, Ақмола облысы – 160 грант және Жетісу облысы – 100 грант. Ал қалған аймақтар 100-ден аз грант бөлген.
Алайда, Шымкент және Алматы қалалары мен Түркістан, Қызылорда, Павлодар облыстарының әкімдіктері бакалавриат мамандарын даярлауға грант бөлмеген.
Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер жоо-ның қабылдау комиссиясына білімі туралы құжат және ҰБТ сертификатын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жеңілдік санатын растайтын құжаттарды (бар болған жағдайда) тапсырады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпаратты әкімдіктерден, сондай-ақ жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алуға болады. Грант беру туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Еске салсақ, жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.