Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қазақстандықтарға интернет алаяқтардан сақ болуды ескертеді, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚазМұнайГаз баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алаяқтар интернетте «ҚазМұнайГазға инвестиция салып, жоғары табысқа кенел» деген желеумен оңай жолмен ақша табуға шақыратын жалған жарнаманы жаппай таратуды жалғастырып жатыр. Қазақстандықтарды сақ болып, тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз. Алаяқтардың құрбаны болмас үшін «ҚазМұнайГаздың» бағалы қағаздарын тек лицензиясы бар брокерлік компаниядан немесе Tabys қосымшасы арқылы сатып алу болатынын естеріңізге саламыз. Брокердің лицензиясының бар жоғын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің веб-сайтынан анықтауға болады», - делінген хабарламада.
Фото: gov.kz