Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алаяқтар ұлттық компания атын жамылып, 1 млрд теңге жымқырған
Жаңалықтар

Алаяқтар ұлттық компания атын жамылып, 1 млрд теңге жымқырған

17.07.2025
1 мин
0
168
Сурет: Dauletten.kz

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті "ҚазМұнайГаз Инвест" қаржы пирамидасының заңсыз қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алаяқтық схема азаматтардың сенімін теріс пайдалану арқылы құрылған. Ұйымдастырушылар "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясының акцияларын сатып алу арқылы мол және жылдам табыс табуға уәде берген. Күдіктілер салымшыларға әр 15 күн сайын 50% кіріс түсетінін айтып, оларды алдаған.

Алайда іс жүзінде ешқандай бағалы қағаздар сатып алынбаған. Төлемдер тек жаңадан тартылған қатысушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылған.

Бастапқы салым сомасы 500 мың теңгеден басталған.

Нәтижесінде шамамен 200 азамат қаржы пирамидасының құрбанына айналып, жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам қаржысынан айырылған.

Заңсыз жолмен алынған кірістерге күдіктілер Түркістан облысында жалпы құны 438 млн теңгеден асатын мүлік — екі қымбат көлік ("Tank 500", "BMW X5"), тұрғын үй және коммерциялық нысан (мейрамхана) сатып алған. Бұл мүліктер тәркілеуден жасыру мақсатында туыстарының атына рәсімделген.

Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Күдіктілер қамауға алынды. 

Тергеу амалдары жалғасуда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл