Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алаяқтық жолмен 50 млн теңге жымқырған көпбалалы ана ұсталды
Жаңалықтар

Алаяқтық жолмен 50 млн теңге жымқырған көпбалалы ана ұсталды

23.12.2024
1 мин
0
850
Сурет: azattyq-news.kz

Қарағандыда жеті баланың анасы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Ол 50 миллион теңгені жымқырған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Күдікті қамауға алынды. Ол 5-6 миллион теңгеге көліктерді арзан бағамен сатып алуға уәде беріп, ақшаны алғанымен, тауарларын тапсырыс берушілерге жеткізбеген.

Зардап шеккендер полицияға шағымданды.

Көпбалалы ана интернет арқылы Қытай, Түркия және Ресейден тауарларға тапсырыс қабылдап, оларды арзан бағамен сатуға уәде еткен. Ұсынылған тауарлар қатарына жиһаз, тұрмыстық техника, ұялы телефондар, тіпті, автокөліктер де кірген, - деп жазылған хабарламада.

Құқық қорғау органдары зардап шеккендердің саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Біз тамыз айында көлікке тапсырыс бердік. Ол қарашада көлік келетінін айтты. Тіпті, көліктердің келе жатқанын дәлелдейтін видео жіберді. Бірақ кейін байланысқа шықты да, бізді алдады деп кешірім сұрады. Ол ақшаны қайтаруға уәде бергенімен, тек шағын сомаларды бөліп қайтарды, – дейді зардап шегуші Юлия Варавина.

Полиция қылмыстық іс қозғап, "Алаяқтық" бабы бойынша тергеу жүргізуде. Сот күдіктіні екі айға қамауға алу туралы шешім қабылдады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл