Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алаяқтықпен күрес күшейеді: Онлайн несие алуға жаңа шектеулер енгізіледі
Жаңалықтар

Алаяқтықпен күрес күшейеді: Онлайн несие алуға жаңа шектеулер енгізіледі

08.07.2025
1 мин
0
333
Сурет: istock

Қазақстанда онлайн режимде несие алу тәртібі өзгереді – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктер мен микроқаржы ұйымдарының қызметін бақылауды күшейтуге бағытталған жаңа қаулы жобасын ұсынды. Құжат қазіргі таңда ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында қоғамдық талқылауға шығарылған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қаулы жобасына сәйкес, енді интернет арқылы рәсімделетін кепілсіз тұтынушылық несиелердің сомасы 150 АЕК-тен (шамамен 690 мың теңге) асқан жағдайда, ақша келісімшартқа қол қойылғаннан кейін бірден берілмейді. Қаражатты алу үшін қарыз алушы келісімді арнайы жүйе арқылы (мысалы, eGov порталы) растап, өз шешімін бекітуі қажет.

Сондай-ақ, «суыту кезеңі» немесе кідіріс механизмі енгізіледі: егер бір тәулік ішінде азамат бірнеше микрокредит алып, олардың жиынтық көлемі 150 АЕК-тен асып кетсе, қаржы ұйымдары қосымша несие беруді тоқтатуға міндетті болады.

Ірі көлемде несие алатындар, 21 жасқа толмағандар мен 55 жастан асқандар үшін жаңа ережелер қарастырылған: бұл азаматтар келісімді тек қаржы ұйымының бөлімшесіне барып, жеке өзі қол қойып, жазбаша растағаннан кейін ғана рәсімдей алады.

Сондай-ақ, құжатта банк немесе микроқаржылық омбудсмен лауазымына қойылатын жаңа талаптар да көрсетілген. Енді бұл лауазымға үміткерлер ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін кемінде B2 деңгейінде меңгергенін дәлелдеуі тиіс.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл