Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алаяқтар азаматтарды OLX-те қалай алдайды
Жаңалықтар

Алаяқтар азаматтарды OLX-те қалай алдайды

18.01.2021
1 мин
11
5557

OLX.kz-те әр бесінші қолданушы алаяқтарға тап болады. Азаматтарға хабарландыру бойынша қызмет көрсететін сервисте алаяқтыққа қатысты шағымдар соңғы кездері тым жиілеп кеткен.

Мамандардың айтуынша, 2020 жылдың наурыз-қазан айларында жеткізу қызметі бойынша алаяқтарға алданған шағымдар саны жалпы қолданушылардың 1%-не сай келсе, қараша айында бұл көрсеткіш 17%-ке бірден өскен.

OLX.kz қызметкерлері сайт қолданушыларын зиянкестердің ең танымал айласының бірі – фишинг әдісі екенін ескертеді. Сатушыға қандай да бір азаматтың тауарды сатып алғысы келетіндігі жайлы хабарлама келеді. Хабарламада жеке деректер мен банк картасының нөмірін жазып, қосымша сайтқа сілтеме ұсынылады. Нәтижесінде, банк картасынан ақша алынып, алаяқтар байланысқа шықпайды.

Сайт мамандары OLX.kz қолданушыларын күмәнді хабарламаларға жауап бермей, сілтемелерге өтпеуді ескертеді. Сондай-ақ, компания өкілдері қазақстандықтардан қоғамдық Wi-Fi арқылы сайттан сауда жасамауды сұрайды.

Аталмыш сайт азаматтарға ешқашан ұтыс жайлы хабарлама жолдамайды. Алаяқтар компания тарапынан ұтыс, жеңілдіктердің болып жатқандығы жайлы да хабарлама тарата бастаған. Десе де, мамандар ұтыс өткізілмейіндігін және қосымша сілтемелерге бағыттамайтынын ескертеді.

Компания мамандары алаяқтық жағдайында қолданушыларға құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық саласында қолдау көрсететіндігін және алаяқтық фактілері бойынша тұтынушылардың өтініштерін талдап, тиісті шара қолданатынын атап өтті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
11 Пікір
А
Асел 20.01.2021
Иә күні кеше менде алаяқтарға алданып қала жаздадым.Бір қыз звандады маған банктен деп сіздің атыңыздан біреу басқа жаққа ақша аударайын деп тұр соны ескертейін деп едік деп.Шотыңызда қанша тиын тұр деп.Сіз екеніңізді білу үшін біз білуіміз керек қанша сумма бар екенін деп.Мың тг болған дедім.Біраздан соң аа болды приложениеңізді сақтық шараларын жасап қойдым ешкім тисе алмайды деді.Только пин код ауыстыра салыңыз деді. Содан оны ауыстырып қойдым.Артынша банкке звандадым сөйтсем банк тегілер біз емес дейді сосын бірақ білдім алаяқтар екенін.
Жауап беру
Н
Назира 19.01.2021
Ия маганда ватсап желисинен келген болатын, курермен жиберу керек деп айтты, каспий голдка салып жиберем казыр деди, мен айттым каспий голд номерин, суйтсеем маган бир кок ссылка жиберип тургой ашып кара деп, еще коймайд ашып кара ашып кара деп. Бирден алаяк екендигин тусине койгансынго.
Жауап беру
Ш
Шынар 19.01.2021
Мен кеше алданып кала жаздадым картины толтырып 4-саннан туратын кодты жаздым акша суммасын айт дейди менде 0-ткр дедим. Оларга карточка номерин жазып корсеттим. Енди не истеейн. Акша алган жок акша жок дегесин. Не истейн корточкамды ауыстырайын ба
Жауап беру
А
Айгүл 19.01.2021
Бұған полиция ештеңе істей алмай ма? Хабар келген номер қайдан сатып алынды, сол номерлерді бақылауда ұстауға болады ғой. Алаяқтарға осылай жол ашып, тек қана сақтанып отыра береміз бе?
Жауап беру
Ж
Жанар 19.01.2021
Елди алдап алган акшалары буйырады деима, мениде алдамакшы болды бирак ишки туисигиме кулак астым алданбадым.
Жауап беру
Ж
Жұлдыз 18.01.2021
Мені де алдап кетті.казкомерцбанк квотасын
Жауап беру
Г
Гүлжан 18.01.2021
Олар сілтеме жібереді, бірақ ол сілтемені басып карта деректерін толтыруға болмайды, әрбір жазған сан, әрпіңізді олар бірдей уақытта көріп отырады. Олхте ешқандай қызмет жоқ тауардың төлемін сайт арқылы жүзеге асыру деген. Тура осылай сілтеме жібергенде бірден интернеттен қарап тексергем, алаяқ екенін түсініп бірден өшіріп, блоктап тастадым. Ондайлар өте көп қазір, алданбаңыздар
Жауап беру
Ж
Жұпар 19.01.2021
Ия, үш күн бұрын мен де түстім қақпанға, Қостанайдың Рудныйына Казпочтамен салып жібересіз бе деп, олехке салған затымды, бекер тұрғанша жарайды курьер өзі келіп алып кетеді деген соң, жай отырғанша біреуге пайдам тисін деп, өзімше пысықсып, счётымда 15мың болу керек деп, оны толтырдым ещё депозиттен, интернеттен переводты безлимитке ауыстыр деп, оны ауыстырдым ғой, хорошо 1 деген санды басу керек деді, соны баспағаным, банкке звонда деп каспийге звондасам оператор олар алаяқтар деп, кеше 2000 теңгеге карточка ауыстырдым екі ортада сау басыма өзім пәле тілеп
Жауап беру
А
Анар 18.01.2021
Мен түстім осы Алаяқтарға.Павлодар.Қарағанды қалаларынан шығып жатыр.Абай болыңыздар
Жауап беру
Қ
Қызымның картасынан ақшасын түсіріп алған .Депозит счеттағы қаражатын алған ! 18.01.2021
Палтьто сататын болып шығарған екен . Соған сілтеме келген .
Жауап беру
Қ
Қызымның картасынан ақшасын түсіріп алған .Депозит счеттағы қаражатын алған ! 18.01.2021
Палтьто сататын болып шығарған екен . Соған сілтеме келген .
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл