Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі 27 қаңтар – 2 ақпан аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесін ұсынды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
27 қаңтар – 3 ақпан – Фристайл могулдан халықаралық жарыс өтеді. Қазақстан құрамасы сапынан 7 спортшы қатысады. Өтетін орны: Финляндия, Ювяскюля қ.
27 қаңтар – 3 ақпан – Тау шаңғысынан халықаралық турнир (FIS). Жарыста 4 отандасымыз өнер көрсетеді. Өтетін орны: Қырғызстан, Қашқұлак қ.
27 қаңтар – 2 ақпан – Пара шаңғыдан Әлем кубогі. Бұл сында ел намысын 7 спортшы қорғайды. Өтетін орны: Италия, Валь-ди-Фьямме қ.
28 қаңтар – 6 ақпан – Семсерлесуден әлем кубогі (шпага, әйелдер). Халықаралық жарыста 3 жерлесіміз бақ сынайды. Өтетін орны: Испания, Ампоста қ.
30 қаңтар – 4 ақпан – Шаңғымен трамплиннен секіруден FIS кубогі Қазақстан құрамасынан 3 спортшы сынға түседі. Өтетін орны: Польша, Щирк қ.
1 ақпан – 10 ақпан – Шаңғыдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты. Әлем біріншілігіне ел құрамасынан 8 спортшы қатысады. Өтетін орны: Италия, Скильпарио қ.
1 – 3 ақпан – Қоян-қолтық ұрыстан ҚР чемпионаты. Ел біріншілігінде 16 өңірден 100 спортшы өнер көрсетеді (12-13 жас аралығындағы ұлдар). Өтетін орны: Алматы қ.