Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Жаңалықтар

Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады

13.12.2024
мин
0
314
Коллаж: Dauletten.kz

Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жолаушылар тарапынан жоғары сұранысты қанағаттандыру мақсатында 2024 жылғы 13 желтоқсан мен 2025 жылғы 9 қаңтар аралығында қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері саны артады.

Теміржол көлігі

Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ұлттық тасымалдаушы түрлі бағыттар бойынша қосымша пойыздарды іске қосады. Бұл пойыздар қосымша 43 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Қосымша рейстер келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
    •    №201/202 Астана – Алматы пойызы:
    •    Астанадан: 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсанда және 1, 4 қаңтар 2025 жыл.
    •    Алматыдан: 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсанда және 2, 5 қаңтар 2025 жыл.
    •    №203/204 Астана – Шымкент пойызы:
    •    Астанадан: 13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 1, 4 қаңтар 2025 жыл.
    •    Шымкенттен: 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 2, 5 қаңтар 2025 жыл.
    •    №205/206 Ақтөбе – Астана пойызы:
    •    Ақтөбеден: 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан және 1, 4 қаңтар 2025 жыл.
    •    Астанадан: 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 3, 6 қаңтар 2025 жыл.

Одан бөлек, мереке күндері жоғары сұранысқа ие бағыттарға 688 қосымша вагон тіркеледі. Пойыздар стандартты купе және плацкарт вагондарынан құралады.

Аймақтар бойынша қосымша вагондар:
    •    Солтүстік өңірі: 279 вагон – 12 188 орын.
    •    Батыс өңірі: 298 вагон – 12 824 орын.
    •    Оңтүстік өңірі: 96 вагон – 4 256 орын.

2024 жылғы 13 желтоқсаннан бастап қаламаңы бағытында 6 вагон бойынша 3 қосымша электр пойызы іске қосылып, 1 123 қосымша орын қамтамасыз етіледі:
    •    №7515/7516 Астана – Бурабай курорты күн сайын (сейсенбі және сәрсенбіден басқа).
    •    №7553/6811–6812/7556 Қарағанды – Астана – Боровое курорты жұма, сенбі және жексенбі күндері.
    •    №7509/6805–6806/7510 Павлодар – Астана – Боровое курорты аптасына екі рет: жұма және жексенбі күндері.

Қосымша пойыздар мен вагондар жолаушыларға қолжетімді орын санын едәуір арттырып, жайлы және қауіпсіз сапарды қамтамасыз етеді. Билеттер bilet.railways.kz сайтында және вокзалдардың билет кассаларында қолжетімді. Теміржол билеттерінің құны еш өзгеріссіз қала береді, тариф өспейді.

Әуе тасымалы

Қазақстандық әуе компаниялары жолаушылар сұранысын қанағаттандыру үшін мереке қарсаңында және алдағы демалыс күндері әуе рейстері санын арттырады.

Қосымша рейстер:
    •    SCAT: 39 рейс
    •    Астана - Алматы - Астана +16 рейс
    •    Алматы - Шымкент +10 рейс
    •    Алматы - Мәскеу +7 рейс
    •    Алматы - Жезқазған +2 рейс
    •    Алматы - Ақтөбе +2 рейс
    •    Астана - Шымкент +1 рейс
    •    Алматы - Өскемен +1 рейс
    •    Air Astana: 10 рейс
    •    Астана - Алматы +10 рейс
    •    FlyArystan: 39 рейс
    •    Астана - Алматы +9 рейс
    •    Алматы - Шымкент +3 рейс
    •    Астана - Шымкент +3 рейс
    •    Алматы - Павлодар +3 рейс
    •    Алматы - Ақтөбе +2 рейс
    •    Алматы - Атырау +2 рейс
    •    Алматы - Орал +2 рейс
    •    Астана - Қостанай +2 рейс
    •    Астана - Орал +2 рейс
    •    Астана - Атырау +2 рейс
    •    Астана - Қызылорда +2 рейс
    •    Астана - Түркістан +2 рейс
    •    Ақтау - Атырау +2 рейс
    •    Алматы - Қызылорда +1 рейс
    •    Алматы - Қостанай +1 рейс
    •    Алматы - Қарағанды +1 рейс
    •    Астана - Ақтөбе +1 рейс
    •    Qazaq Air: 3 рейс
    •    Астана - Ақтөбе - Астана +1 рейс
    •    Астана - Шымкент - Астана +1 рейс
    •    Астана - Қызылорда - Астана +1 рейс

Ішкі бағыттар бойынша тариф өзгермейді. Билеттерді алдын ала сатып алу ұсынылады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл