Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әлемде жаңа вирус тарап, ауруханалар науқастарға толып жатыр
Жаңалықтар

Әлемде жаңа вирус тарап, ауруханалар науқастарға толып жатыр

05.01.2025
1 мин
1
1515

Қытайда метапневмовирусы вирус тарап, ауруханалар науқастарға толып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше эпидемиологиялық маусым басталғалы бері Қазақстанда метапневмовирус инфекциясының 30 жағдайы тіркелді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда Қытай ауруханаларында ұзын-сонар кезекте тұрған науқастарды көруге болады. Видеоларда ересектермен қатар маска таққан балалардың да дәрігерге кезекте тұрғаны байқалады. Кейбір жергілікті бейресми ақпарат көздері мәйітханаларда қайтыс болғандардың санының артқанын мәлімдеген.

Жергілікті дереккөздер бұл вирустың таралуын соңғы уақытта белсенді болған адам метапневмовирусы (HMPV) деп болжайды. Бұл вирус әдетте жеңіл тұмау түрінде өтеді. Алайда жергілікті билік бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.

Қазіргі жағдай 2022-2023 жылдардағы оқиғаларға ұқсайды. Ол кезде Қытайда тұрғындар микоплазмалық пневмониямен ауырған еді, бұл да жеңіл түрде өтетін вирус.

Сонымен қатар, Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ресми есебіне сәйкес, қазіргі вирусқа қарапайым тұмау себеп болған болуы мүмкін. Өйткені тұмауға қарсы тесттердің 30%-і оң нәтиже көрсеткен, ал ауруханаға түскен әр жетінші науқаста тұмау анықталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Н
Нурсулу Турсанова 05.01.2025
Бүкіл мұсылман елдерін Алла сақтасын
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл