Brent
100.41
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әлемдегі ең ірі бес сутегі жобасының бірі Hyrasia One ҚР Парламенті Сенатында таныстырылды
Жаңалықтар

Әлемдегі ең ірі бес сутегі жобасының бірі Hyrasia One ҚР Парламенті Сенатында таныстырылды

17.11.2023
1 мин
0
478
Фото: Hyrasia One

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің отырысы аясында Hyrasia Energy Инвестициялар жөніндегі директоры Айнұр Тумышева Маңғыстау облысында "жасыл" сутекті өндіру жобасын таныстырды.

Өз сөзінде Айнұр Тумышева жобаның белсенді даму сатысында екенін айтты. Pre-FEED дайындау және болашақ кәсіпорынның аймақтың экологиялық және әлеуметтік ортаға (ESIA) әсерін зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар жетекші француз және неміс инженерлік компанияларымен келісімшарттарға да қол қойылған.

Cондай-ақ, кездеуде, жобаны Қазақстанда табысты іске асыру үшін тұрақты заңнамалық базаны қалыптастыру қажеттілігі атап өтілді. Бүгінгі таңда Еуропалық Одақпен бірлесіп сутегі өнеркәсібі бойынша нормативтік құжаттарды жетілдіру үшін стандарттармен, әзірлемелермен және өзге де құжаттармен алмасуға қатысты келіссөздер жүргізілуде.

Сенат отырысында депутаттар қазақстандық нарыққа өнімді жеткізу мәселесін қозғады.
 

"Қазірдің өзінде біз кейбір компаниялардың өз өндірістерін көміртексіздендіруге қызығушылығын көріп отырмыз. Экологиялық таза отын жеткізу мүмкіндігі үшін қазақстандық нарықты зерттеу бойынша жауапты министрліктермен қосымша келіссөздер жүргізілуде. Біз өз тарапымыздан жергілікті өндірушілермен белсенді ынтымақтастыққа дайынбыз", - деді Айнұр Тумышева.

Кездесу қорытындысы бойынша сенаторлар бұл жобаны іске асыру Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі нақты қадамдарының бірі болатынын атап өтті. Сондай-ақ, Сенат депутаттарының жалпы отырысында жобаны таныстыру туралы келісімге қол қойылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
172
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл