Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әлемдегі ең қымбат 8 валюта қандай?
Қаржылық сауат

Әлемдегі ең қымбат 8 валюта қандай?

12.05.2023
1 мин
2
5979

Бүгінде әлемде 159 валюта бар. Оның ішінде халыққа жақсы таныс доллар және евро қатарынан бірнеше мемлекетте қолданылады. Алайда, аталмыш валюталар ең қымбат болып саналмайды. Сіздерге беймәлім ең құнды 8 валютаны Dauletten.kz тізбектеді.

Кувейттік динар

Бұл валютаның жоғары құны тікелей мемлекеттің әлемдік нарықтағы мұнай экспортымен байланысты. Кувейт экономикасы ең алдымен мұнай өндірісіне сүйенеді. Валютаның белгісі – KWD.

1 KWD = 1 450, 01 KZT

1 KWD = 249, 51 RUB

1 KWD = 3, 26 USD

Бахрейндік динар

Құндылығы бойынша әлемдегі екінші валюта. Бахрейн шамамен 1 миллион халқы бар Парсы шығанағындағы аралдық мемлекет. 1965 жылы бахрейндік динар айналымға енгізілген.

Валютаның белгісі – BHD.

1 BHD = 1 179, 59 KZT

1 BHD = 202, 98 RUB

1 BHD = 2,65 USD

Омандық риал

Оман мемлекетінің ұлттық ақшасы. Бір қызығы, ақша қағазының бір бетінде жазу ағылшын тілінде жазылса, екінші бетінде араб тілінде. Ал монеталарында жазу тек араб тілінде. Валютаның белгісі – OMR.

1 OMR = 1 154,94 KZT

1 OMR = 198,86 RUB

1 OMR = 2,60 USD

Иордания динары

Иорданияның ұлттық ақшасы. Ақша қағазында және монеталарында корольдік одақ белгіленген. Мұнда да омандық риал секілді жазу ағылшын және араб тілдерінде жазылған. Валютаның белгісі – JOD.

1 JOD = 626, 78 KZT

1 JOD = 107, 78 RUB

1 JOD = 1,41 USD

Британдық фунт

Ұлыбританияның валюта бірлігі. Бұл елдің фунты XVIII-XIX ғасырларда әлемдік резерв ретінде пайдаланылған. Ұлыбританиядағы жекеленген аумақтардағы банктер банкноттарды өз дизайндарымен шығарады. Заң бойынша бұл шығарылған валюталар Ұлыбританияның барлық банктерінде қолданылады. Валютаның белгісі – GBR.

1 GBR = 557, 24 KZT

1 GBR = 95, 83 RUB

1 GBR = 1, 25 USD

Швейцария франкі

Швейцария – дүние жүзіндегі ең ірі қаржы орталықтарының бірі. Швейцария банкілерінің сейфтерінде әлемдегі бүкіл дамыған мемлекеттердің валютасы мен барлық құнды қағаздары жатыр. Бұл мемлекет дүние жүзінде капиталды сырттан тартудан алғашқы орындарды иемденеді. Валютаның белгісі – CHF.

1 CHF = 499,67 KZT

1 CHF = 85,91 RUB

1 CHF = 1,12 USD

Еуропалық еуро

Еуропа Одағындағы 20 елдің ресми валютасы. Сондай-ақ еуро 9 мемлекеттің, соның ішінде Еуропада орналасқан 7 мемлекеттің ұлттық валютасы болып табылады. Алайда, Еуропалық Одақтың қатысушыларына қарағанда, осы 9 мемлекет Еуропалық орталық банктің ақша-несие саясатына әсер ете алмайды және өз өкілдерін олардың жетекші органдарына бағыттай алмайды. Валютаның белгісі – EUR.

1 EUR = 486,11 KZT

1 EUR = 83,60 RUB

1 EUR = 1,09 USD

АҚШ доллары

АҚШ ақша бірлігі, әлемдік негізгі резервтік валюталардың бірі. Ақша шығару құқығы Америка Құрама Штаттарында Орталық банк функцияларын жүзеге асыратын Федералдық резервтік жүйесіне тиесілі. Әлемдік сауданың 80 пайызынан астамы АҚШ долларымен есептеледі. Bloomberg агенттігінің деректері бойынша, SWIFT банкаралық айналым жүйесінде 2013 жыл мен 2014 жылдың аралығында доллардың үлесі 42 пайызды құраған. АҚШ-тың барлық федералдық банкноталары 1861 жылдан шыға бастаған. Осы күнге дейін заңды түрде төлем қызметін атқарады. Белгіленуі: $ немесе USD.

Бүгінгі доллор бағамы:

1 USD = 444,63 KZT 

1 USD = 76,46 RUB

1 USD = 0,91 EUR

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Л
Лоло 11.05.2024
Менің ойымша ең қымбат валюта ол Условная расчетная единица Чили осы валюта себебі ол 17 605,29 казакски тенге тұрады
Жауап беру
Л
Лололошка 20.11.2023
Лололошка
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл