Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
World Population Review ұйымы зерттеу жүргізіп, 2025 жылға арналған әлемдегі ең ұнамсыз елдер тізімін жасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Зерттеу қорытындысына сәйкес, Қытай алғашқы орынға шықты. Қоғамның Қытайға теріс көзқарасының бірқатар себептері аталды. Олардың қатарында елдегі “авторитарлық басқару жүйесі”, экологияға зиян келтіретін өндіріс орындарының жұмысы, қоршаған ортаның ластануына үлесі, Гонконг, Тайвань мен Макаоның тәуелсіздігін мойындаудан бас тартуы және ұйғырларға қатысты саясаты бар.
Екінші орынға АҚШ жайғасты.
- Халықаралық мәселелерге АҚШ-тың өз мүддесі үшін шектен тыс араласуы – бұл елге деген теріс пікірдің басты себебі, – делінген World Population Review мәлімдемесінде.
Сондай-ақ зерттеуде америкалықтардың өзін ерекше санауы, атыс қаруына еркін қолжетімділік және фаст-фудқа деген құмарлық та негативті көзқарасқа әсер еткені айтылған.
Үшінші орынды Ресей иеленді. Оған деген теріс пікір Украинадағы қақтығыс пен ел ішіндегі демократиялық шектеулерге байланысты туындаған.
Рейтингтің үздік ондығына сонымен қатар: Солтүстік Корея, Израиль, Пәкістан, Иран, Ирак, Сирия және Үндістан кірген.