Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде келер жылы әлеуметтік төлем алуға бағытталған азаматтар үшін цифрлық әлеуметтік әмиян қолданысқа енеді. Бұл туралы Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев айтты.
"Президент тапсырмасына сай 2022 жылдан бастап ұлттық тауар өткізу жүйесімен одан әрі ықпалдастыра отырып, әлеуметтік әмиянды енгізу жоспарлануда", – деді ол.
2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев жолдау барысында төлемдерді цифрландыру және әр азаматтың "әлеуметтік әмиянын" енгізуді тапсырған еді. Еңбек министрлігі цифрлық әмиянның енгізілуімен азаматтарға банкке барудың, есепшот ашудың қажеті жоқ, қаражат тікелей "әлеуметтік әмиянға" түседі деп хабарлады. Ол мобильді қосымша ретінде жұмыс істейтін болады, онымен теңгерімді көруге, ақшалай операциялар жасауға, банктік шот ашуға, ақша аударуға, картаны толтыруға, QR-код арқылы тауарлар мен қызметтерді сатып алуға болады.
Тағы көру