Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әлеуметтік жобаларға 7 млрд теңге бөлінді
Жаңалықтар

Әлеуметтік жобаларға 7 млрд теңге бөлінді

03.08.2020
1 мин
0
1172

Атырау облысында пандемиядан кейінгі ахуалды жақсарту мақсатында әлеуметтік жобалар қолға алына бастады.

Шағын және орта бизнестің жұмысына қойылған шектеулер мен кәсіпорындардың жабылуы, әсіресе, алыс аудандарда жұмыссыздықтың көбеюіне ықпал еткені анық. Осыған орай Индер ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы-2021» бағдарламасы аясында 10 әлеуметтік жоба қолға алынды. Аталмыш жобаға республикалық бюджеттен 7 миллиард теңге қарастырылып отыр. Қаражат тас жол құрылысына, табиғи газ құбырын жаңартуға және кәсіпкерлікті дамытуға жұмсауға жоспарланған. Жоба аясында 2000-нан астам адам жұмыспен қамтылады. Қазір таңда 1400 азамат жұмысқа орналасты. Сондай-ақ биыл жеке кәсіпкерлікті дамытуға да кең қолдау болады.

Жеңіс Иғалиев, Индер аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры:

- 20 адам мемлекеттен қайтарымсыз грант жеңіп алды. 27 адам кәсіп бастауға шағын несие алды. Сонымен қатар «Бизнес бастау» жобасы бойынша 96 азамат кәсіпкерлік негізінде білім алды. Күні бүгінге 577 адам осы 10 жобаға жұмысқа тартылған. Жыл аяғына дейін тағы 877 адамды толығымен осы бағдарламаның аясында жұмыспен қамтылады деп жоспарлап отырмыз.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл