447.14
499.54
5.46
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қандас мәртебесін қалай алуға болады? Қоныс аудару тәртібі
Жаңалықтар

Қандас мәртебесін қалай алуға болады? Қоныс аудару тәртібі

08.11.2026
0 мин
0
37

Елімізде қандас мәртебесін алу үшін бірнеше кезеңнен өтуі керек. Қоныс аудару тәртібі, қажетті құжаттар мен мемлекеттік қолдау туралы Dauletten.kz сайты толығырақ айтып береді.

Қазақстанға қоныс аударуды жоспарлаған этникалық қазақтар алдымен өңірді таңдап, қазақ тілін білу деңгейін анықтайтын тесттен өтуі қажет. Бұдан кейін сауалнама толтырылып, мемлекеттік тексеру мен сұхбаттасу кезеңдері жүргізіледі.

Қандас мәртебесін алу және мемлекеттік қолдау шараларына қатысу үшін төмендегі кезеңдерді ретімен орындау қажет.

1. Қоныс аудару өңірін таңдау

Қазақстанда қоныс аудару үшін жеті өңір белгіленген. Үміткерлер алдын ала таңдаған аймақтағы тұрмыс жағдайларын, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін және әлеуметтік қолдау шараларын зерделегені жөн.

2. ҚАЗТЕСТ тапсыру

Үміткер қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін testcenter.kz сайтында ҚАЗТЕСТ тапсырады. 60 сұрақтан тұратын тесттің тыңдалым және оқылым бөлімдерінің әрқайсысынан кемінде 70 пайыз дұрыс жауап жинау қажет.

3. Сауалнама толтыру

Келесі кезеңде өтініш беруші сауалнама толтырады. Онда білімі, еңбек өтілі, кәсіби дағдылары, тілдерді меңгеру деңгейі, денсаулық жағдайы және отбасы құрамы туралы мәліметтер көрсетіледі. Осы ақпарат негізінде үміткердің көрсеткіштері балдық жүйе бойынша бағаланады. Бұл кезең скоринг деп аталады.

4. Мемлекеттік тексеруден өту

Өтініш берушінің ұсынған мәліметтері арнайы және құқық қорғау органдары тарапынан тексеріледі.

5. Сұхбаттасудан өту

Мемлекеттік тексеруден кейін үміткермен сұхбат өткізіледі. Оның қорытындысы бойынша қандас мәртебесін алу мәселесіне қатысты тиісті шешім қабылданады.

6. Қандас мәртебесін алу

Скорингтен сәтті өткен үміткер қандас мәртебесін алу үшін тиісті өтініш бере алады.

7. Мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану

Өңірлік квотаға енгізілген қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Оның ішінде:

– қоныс аударуға арналған субсидия;

– тұрғын үйді жалға алу шығындарын өтеуге арналған қолдау;

– коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған субсидиялар қарастырылған.

8. Жаңа ортаға бейімделу

Қазақстанға көшіп келген қандастардың қоғамға бейімделуіне мамандандырылған орталықтар көмектеседі. Олар құжаттарды рәсімдеу, жұмысқа орналасу және балаларды білім беру ұйымдарына орналастыру мәселелері бойынша қолдау көрсетеді.

9. Тұрақты тұруды рәсімдеу

Қазақстанда тұрақты тұру үшін алдымен тұрақты тұруға рұқсат алу қажет. Одан кейін тұруға ықтиярхат рәсімделеді. Қоныс аударуды жоспарлаған азаматтарға қажетті құжаттарды алдын ала дайындап, әр кезеңнің талаптарын мұқият орындау ұсынылады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл