Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Премьер-министр Әлихан Смайылов спорт саласына жауапты мекемелерді сынға алды.
«Өкінішке орай, бізде дене шынықтыру мен спортты басқарудың тиімді біртұтас жүйесі жоқ. Жергілікті билік тұрғындар көтерген мәселелерді шешуге тиісті деңгейде әрекет жасамайды. Павлодар облысында 2020 жылы жөнделген стадион құлап жатыр. Спортзалдары жоқ мектептер ауылдарда ғана емес, ірі қалаларда әлі де көп», - деді Ә. Смайылов.
Сондай-ақ республика бойынша дене шынықтыру мұғалімдері мен кәсіби жаттықтырушылардың жетіспейтінін атап өтті.