| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астана мен Алматы қалаларындағы валюта айырбастау пункттерінде шетелдік валюталардың бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Kurs.kz деректеріне сүйенсек, Алматыдағы айырбастау орындарында қазіргі уақытта АҚШ доллары 493,61 теңгеден қабылданып, 496,60 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы 582,23 теңге болса, сату құны 587,59 теңгені құрайды. Ал ресейлік рубль 6,41–6,53 теңге аралығында саудалануда. Қытай юанінің бағамы 71,15 пен 74,77 теңге арасында қалыптасқан.
Ал елордадағы ақша айырбастау пункттерінде долларды 493,00 теңгеден сатып алып, 500,00 теңгеден ұсынуда. Еуро 581,00 теңгеден қабылданып, 591,00 теңгеден сатылып жатыр. Рубльдің сатып алу бағасы 6,30 теңге болса, сату құны 6,60 теңгеге жеткен. Юань 72,50 теңгеден қабылданып, 76,89 теңгеден сатылуда.