Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматы облысында 420 млн теңгеден астам мүлік тәркіленді: заңсыз онлайн-казино ісі тергеліп жатыр
Жаңалықтар

Алматы облысында 420 млн теңгеден астам мүлік тәркіленді: заңсыз онлайн-казино ісі тергеліп жатыр

11.02.2026
мин
1
159
Сурет: northeasttimes.com

Алматы облысында 1Win бренді арқылы заңсыз интернет-казино ұйымдастырды деген күдікпен қылмыстық топтың қызметі әшкереленді. Қаржылық мониторинг агенттігінің өңірлік департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Ведомство мәліметінше, күдіктілер онлайн-платформа арқылы ойындар мен бәс тігу қызметін ұсынып келген. Қаржылық операциялар банктік карталар, түрлі төлем жүйелері және криптовалюта арқылы жүргізілген.

Тергеу барысында заңсыз қызметті жасыру үшін жалған тұлғалардың атына тіркелген бірнеше компания пайдаланылғаны анықталған. Бұл қаржы ағындарын бүркемелеуге және бақылаудан тыс қалдыруға бағытталған схема болғаны айтылды.

Қазіргі уақытта күдіктілер халықаралық іздеуге жарияланып, сот санкциясымен сырттай қамауға алынған.

Сот шешімімен жалпы құны 420 миллион теңгеден асатын мүлік пен қаражатқа тыйым салынды. Олардың қатарында қымбат автокөліктер мен банк шоттарындағы қаражат бар.

ҚМА өкілдері тергеу амалдары жалғасып жатқанын хабарлады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
К
Канымкыз 12.02.2026
Дурыс болыпты буткыл онлайн ойындарды жапсын каншама семянын тубыне жетып ажырасып жатыр
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл