Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысында бас санитар дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес карантин талаптары жеңілдейді. Өңірдегі кинотеатрлар 30%-тен аспайтын сыйымдылықпен маска режимін сақтай отыра, қайта жұмысын бастайды. Қаладағы сауда орталықтары 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
"Жаппай жаңа жылдық мерекелік кештерді өткізуге болмайды. Қоғамдық тамақтану мекемелері жұмыс күндері 07:00-ден 00:00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері 07:00-ден 21:00-ге дейін ашық болады. Сауда орталықтарының жұмыс істеу уақыты 22:00-ге дейін ұзартылды. Ал сенбі-жексенбі күндері азаматтар сауда орталықтарына 17:00-ге дейін бара алады", - деді Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Ерғали Сыдыманов.