Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысында ауыл шаруашылығына арналған жерден пайдалы қазбалар өндірілгені анықталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мақсатты пайдаланылмаған 99 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайты.
- Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Алматы облыстық департаменті жалпы ауданы 99 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады. Бұл шешім жердің мақсатты түрде пайдаланылмауына байланысты қабылданды, - делінген хабарламада.
Тексеру барысында Іле ауданында ауыл шаруашылығы үшін бөлінген жердің мақсатқа сай қолданылмай, пайдалы қазбалар өндірілгені белгілі болды. Кәсіпорынға айыппұл салынып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Сотқа дейінгі реттеу барысында серіктестік пайдаланылмаған жер учаскесін мемлекетке ерікті түрде қайтару шешімін қабылдады.