Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысында зорлық жасады деген күдікті уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ақпарат Telegram-дағы "Письма президента" арнасында жарияланды. Онда қашып кеткен адам бірінші өзіне қол жұмсамақ болғаны айтылған.
Кейін облыстық ПД өкілдері ақпаратты растады.
Оны ұстау үшін арнайы "Сирен" жоспары енгізілген.
Уақытша ұстау изоляторынан зорлау жасады деген күдікпен қамауда отырған азамат К. қашып кетті. Осыған байланысты "Сирена" жоспары енгізілді. Негізгі жолдарға блокбекеттер қойылып, қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құралдар жұмылдырылды, - деп хабарлады Алматы облысы ПД.
Жағдай облыстық ПД басшылығының бақылауында екені хабарланды. Сонымен қатар қашу жағдайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалған.
Бұл ретте, желі қолданушылары Талғар тасжолында ұзын-сонар кептеліс болғанын хабарлады. Полиция барлық көліктерді тексеріп жатыр.