Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
“Алматы қаласы жастар ұйымдарының акселераторы” жобасы қорытындыланды
Жаңалықтар

“Алматы қаласы жастар ұйымдарының акселераторы” жобасы қорытындыланды

23.12.2024
1 мин
0
432

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен "Алматы студенттер Альянсы" КҚ ұйымдастыруымен "Алматы қаласының жастар ұйымдарының акселераторы" жобасының қорытынды дөңгелек үстелі өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жоба Алматы қаласында жастар саясаты саласын дамытудың стратегиялық қадамдарын әзірлеу мақсатында тиімді, сапалы және нәтижелі топтық талқылауларды ұйымдастыруға бағытталды.

Дөңгелек үстелге Алматы қаласындағы жастар ұйымдарының басшылары мен өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, қоғамдық пікір көшбасшылары, жас мамандар, семинар қатысушылары мен студенттер жиналды. Іс-шара барысында жоба қатысушыларына арнайы сертификаттар табысталды.

Жоба қатысушылары мен спикерлер өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, жастар ұйымдарының тұрақты дамуы мен тиімділігін арттыруға бағытталған түрлі мәселелерді талқылады.

"Алматы студенттер Альянсы" корпоративтік қорының атқарушы директоры Қуандық Жасұлан Бостандықұлы жобаның маңыздылығына тоқталып, жоба барысынды өткізілген оқыту курстары туралы ақпаратпен бөлісті:

Алматы қаласы жастар ұйымдарының акселераторы жобасы аясында арнайы академия құрылып, 400-дей жас оқыту курстарынан өтті. Академия аясынды  ҮЕҰ құқықтық аспектілері, ҮЕҰ арналған гранттар және оларды жүзеге асыру, есеп тапсыру, жобаларды басқару тақырыптарында оқыту курстары ұйымдастырылып, білікті сарапшылар тартылды. Бұл курс өз қызметін жаңадан бастаған ҮЕҰ-ның өкілдері үшін өз пайдасын тигізді.

Жоба қатысушысы Амина Темірханқызы жобаның тиімділігі туралы және жоба барысында қандай жетістікерге жеткенін атап көрсетті:

Бұл жоба жеке дағдыларды, soft дағдыларды дамытуға көмектесті. Жоба қатысушыларға өздерінің жеке ұйымдарын құруға, қоғамдық жобалармен айналысуға бағыт-бағдар беріп, көптеген көмегін тигізді. Алматы қаласының жастар саясатын дамыту үшін ұйымдастырылған жобада қазан айынан бастап түрлі тақырыптарды, соның ішінде Фандрайзинг, қаржылық сауаттылық, Маркетинг және PR, Жобалық менеджмент сияқты  түрлі тақырыптарда оқыту курстарын өттік. Алған білімдердің бәрі сөзсіз пайдалы болды. Жоба басталғалы бері "Кітап оқу" клубының негізін қалаған болатынмын. Қазіргі таңда клуб өз қатарына жаңа оқырмандарды жинауда. Жоба барысында өткен "Маркетинг және PR" тақырыбындағы әдістерді қолдана отырып, әлеуметтік желілерде танымал етудеміз.

"Алматы қаласының жастар ұйымдарының акселераторы" жобасы жастарға өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға, ұйымдардың жұмысын тиімді ұйымдастыруға және жаңа бастамаларды іске асыруға қолдау көрсетеді. Мұндай жобалар жастардың қоғамдағы белсенділігін арттырып, олардың көшбасшылық қабілеттерін дамытатыны сөзсіз.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп жатқан бұл шара жастар саясаты саласын дамытудың стратегиялық қадамдарын әзірлеп, сапалы және нәтижелі топтық талқылауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл