Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласы бойынша зейнеткер және түрлі жәрдемақылар мен төлемдер алатын 356 мыңнан астам азамат бар. Бұл туралы Алматы қаласының Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы Асқар Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Алматы қаласы бойынша зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың жалпы саны - 360 мың адам, бұл ретте бір адам бір мезгілде түрлі жәрдемақылар мен әрине зейнетақыларды алушы бола алатынын ескеру қажет. Жалпы мегаполисте жасы бойынша 236 мың зейнеткер және түрлі жәрдемақылар мен төлемдер алатын 120 мыңнан астам тұрғын бар»,- деді спикер.
Айтуынша жаңа жылдан бастап жасы мен еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемдері 10,5 пайызға өсті.
«Орта табысы 46 АЕК-тен аспаған немесе зейнетақысы бұрынғы қолданыста болған зейнетақы заңнамасы ескеріле отырып, бұрыннан тағайындалған барлық зейнеткерлер үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 10,5 пайызға өсті»,- деді ол.
Еске салайық, биыл бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері 68,2 мың теңгеден 77,4 мың теңгеге дейін өсті.
Фото: exk.kz