Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматы қаласында көпбалалы отбасыларға баспана берілді
Жаңалықтар

Алматы қаласында көпбалалы отбасыларға баспана берілді

17.12.2020
1 мин
8
1535

Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласында жүздеген отбасы пәтерлі болды.

"Шаңырақ" бағдарламасы бойынша Наурызбай ауданындағы "Нұрлы дала" тұрғын үй кешенінен 232 пәтер берілді. Бұл бағдарлама мемлекет басшысының тапсырмасымен қолжетімді несиелер арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

"Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасының "жалдамалы баспана" бағыты бойынша кезекте тұрған 140 адам пәтер кілтін алды. Түрксіб ауданының "Жас қанат" ықшамауданында 80 пәтер, Алатау ауданының 13-ші ықшамауданында 60 пәтер берілді. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша аз қамтылған отбасылардағы азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.

Пәтер кілттерін тапсыру рәсімінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жиналғандарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, жаңа қоныс иелеріне бақыт тіледі.

"Тәуелсіздік күнінде баспаналы болу – зор қуаныш. Үйлеріңізде әрқашан бейбітшілік, қуаныш пен тыныштық орнасын! Қоныс тойы құтты болсын!" – деді ол.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
8 Пікір
А
Айжан 17.12.2020
Көп балалы отбасымыз,біз 20 жылға ипотекаға үй алдық бізге қандай көмек көрсетіледі. Үй алғанда 3 бала болған ,қазір 5 бала.
Жауап беру
Г
Гулназ. 17.12.2020
Салеметсизба. Уй алу ушин кезекте очередь те болуым керекпа. Жилстрой да счет болу керекпа обезательно? (коп балады анамын)
Жауап беру
Н
Нуршат 17.12.2020
Шымкентте кашан басталады
Жауап беру
А
Айдана 17.12.2020
Шымкент каласында жалдамалы патерге документ тапсыру кашан басталады
Жауап беру
Г
Гулжанат 17.12.2020
Лаура мен хабарласып сабак алайын дегем касип туралы
Жауап беру
С
Сандугаш 17.12.2020
Ушакка калаи алады тегин билет КОБ балаларма
Жауап беру
С
Сандугаш 17.12.2020
Кашан аламыз уиди очередь жаи жылжима Алматы каласынан кашан кабылдаисыздар Сол туралы кобирек аитылса
Жауап беру
А
Ақманат 17.12.2020
Көп балалы анамын ауылдық жерде тұрам үйге кезекке тұру үшін қалада пропискада тұруым керекпа
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл