444.76
495.37
5.37
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматы тауларында туристердің қауіпсіздігі цифрлық платформа арқылы бақыланады
Жаңалықтар

Алматы тауларында туристердің қауіпсіздігі цифрлық платформа арқылы бақыланады

05.11.2026
0 мин
0
124
Сурет: gov.kz

Алматы тауларында туристерді іздеу және құтқару жұмыстарын жеделдету мақсатында Almaty Hike цифрлық платформасы іске қосылуда. Енді саяхатшылар тауға шығар алдында өз бағытын тіркеп, жоспарланған қайту уақытын көрсете алады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алматы тауларында туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін цифрлық бақылау жүйесін енгізу қолға алынды. Жаңа бастама төтенше жағдай кезінде жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстарын жеделдетуге бағытталған.

Биыл Алматы тауларында 700-ден астам адам құтқарылған. Олардың арасында 151 кәмелетке толмаған бала бар. Сонымен қатар таулы аймақтарда 7 адам көз жұмған.

Енді тауға шығуды жоспарлаған азаматтар Almaty Hike платформасы арқылы өздерінің туристік бағытын, баратын шыңын және кері қайтатын уақытын алдын ала белгілей алады.

Егер турист көрсетілген уақытта белгіленген орынға оралмаса, бұл ақпарат құтқару қызметіне іздестіру жұмыстарын бастауға негіз болады.

Мамандардың мәліметінше, жаңа цифрлық жүйені пайдалану іздестіру уақытын екі есеге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ платформа үш тілде қолжетімді болады.

Жаңа жүйе Алматы тауларында туристердің қауіпсіздігін арттырып, төтенше жағдайлардың алдын алуға ықпал етпек.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл