Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Биыл "Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасы 10 наурызда басталады. 2021 жылға белгіленген максималды сома 18 млн теңгені құрайды. Жиыны 1 000 баспана Алматы қаласында жұмыс істейтін жас маманға берілмек.
Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасының орынбасары Ермек Әміровтың айтуынша, баспана алуға бағытталған қарыз сомасы 14 млн-нан 18 млн теңгеге дейін ұлғайды. Алғашқы жарна – 10%, жылдық үстемақы 5%-ті құрайды. Жалпы соманың 14 миллионы қалалық бюджеттен, ал 4 миллионы "Отбасы банкі" тарапынан беріледі.
«Нарықта баспана бағасының қымбаттауына байланысты несие сомасын арттырдық. Қазіргі кезде жоба бойынша құжаттар дайындалып жатыр. Азаматтар бастапқы және қайталама нарықтан да баспана ала алады", - деді Ермек Әміров.
Осыған дейін бағдарламаға денсаулық сақтау қызметкерлері, білім беру қызметкерлері, ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының қызметкерлері, мәдениет және спорт, әлеуметтік және медиа қызметкерлері қатысса, енді бүл тізімге құқық қорғау органдарының қызметкерлері қосылды.
Бағдарламаға өтінімдер 10 наурыздан 31 наурызға дейін www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы қабылданады. Үміткерлер арнайы ұпай арқылы іріктелініп алынады.
Тағы көру