Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы студенттер Альянсы Алматы қаласы бойынша «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі конкурс басталды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Биыл Алматы қаласында әрбір грантқа 1 000 000 теңге көлемінде 13 грант берілетін болады.
Байқау Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өтуде.
Грант берудің мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады.
Байқауға Алматы қаласының тұрақты тұрғыны болып табылатын жасы 14-тен кем емес және 35-тен аспайтын жастар қатыса алады.
Гранттар Қазақстан Республикасының азаматына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде мынадай бағыттар бойынша беріледі:
1. «Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
2. «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
3. «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және дайындауға арналған;
4. «Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
5. «Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.
Грант қорытындысы бойынша «Ғылым», «Бизнес», «Ақпараттық технологиялар» бағыттары бойынша 3 жеңімпаздан, ал «Мәдениет» және «Медиа» бағыттары бойынша 2 жеңімпаздан анықталады.
Үміткерлердің конкурстық өтінімдері (қағаз нұсқада) ағымдағы жылғы 10 қазанға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Жандарбеков көшесі, 238/91 к1, «Аблай» БО, №208 офис; Байланыс номері: +7 702 862 9792, (электрондық нұсқасы) almaty.granty@gmail.comпоштасына қабылданады. Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады.