Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда 55 мыңнан аса электронды темекі заңсыз сатылған
Жаңалықтар

Алматыда 55 мыңнан аса электронды темекі заңсыз сатылған

24.08.2023
1 мин
0
460
фото: видеодан скриншот

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қалалық департаменті қала прокуратурасының үйлестіруімен көтерме саудада электронды темекіні (вейп) заңсыз өткізудің жолын кесті, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме беріп.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында мегаполисте электронды темекіні көтерме саудада заңсыз өткізуге арналған сауда және қойма ғимараттары анықталды.

Тінту кезінде жалпы сомасы 80 млн теңгеден асатын 55 мыңнан астам электронды темекі табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген ҚМА мәліметінде.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабы алға тартылып, өзге мәлімет жария етілмеді.

ҚМА вейптерді қолдану жасөспірімдердің дамуына кері әсерін тигізетінін ата-аналардың есіне салып өтті. Сондай-ақ баланың мінез-құлқына, денсаулығына және оның жасаған саудасына мән беруді ескертті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл