Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыдағы ойын-сауық саябақтарының бірінде адамдар отырған аттракцион кенеттен әуеде тоқтап қалған сәт бейнежазбаға түсіп қалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алынған ақпаратқа сәйкес, оқиға 13 сәуір күні орын алған. “Ромашка” деп аталатын Top skan аттракционы айналып тұрған кезінде аяқ астынан тоқтап, ондағы адамдар бірнеше минут бойы биікте қалып қойған.
Куәгерлердің айтуынша, аттракцион жұмысын бірден тоқтатқан, ал саябақ әкімшілігі бұған қауіпсіздік датчигінің іске қосылуы себеп болғанын мәлімдеді.
- Top skan аттракционы 15:08-де тоқтап қалды, ал 15:16-да барлық келушілер қауіпсіз түрде эвакуацияланды. Ешкім зардап шеккен жоқ, қандай да бір шағым немесе наразылық тіркелмеді. Оқиға сәтінде жағдай толықтай саябақ инженерлерінің бақылауында болды, – деді “Мир фантазий” саябағының әкімшісі Виктор Данилов.
Әкімшіліктің айтуынша, сол күні қауіпсіздік жүйесінің датчигі ауыстырылған.
- Күн сайын саябақ ашылар алдында барлық аттракциондарды инженерлер мұқият тексереді. Сонымен қатар ай сайын мемлекеттік бақылау органдары тарапынан жоспарлы тексерулер жүргізіледі. Барлық бөлшектер, тіпті ең ұсақ жарықтар да назардан тыс қалмайды, – деді әкімші.
Саябақ басшылығы көптеген аттракционның қолданыста жүргеніне он жылдан асқанын мойындады. Дегенмен, оларды уақтылы әрі дұрыс күтіп ұстау арқылы пайдалану мерзімін ұзартуға болатынын атап өтті.