| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда балалардың жазғы демалысын пайдалы әрі мазмұнды өткізуге бағытталған танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Орталық музейге барған 50 қатысушы ел тарихы, ұлттық мәдениет пен дәстүрге қатысты құнды мәліметтер алды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматы қаласында балаларға арналған тарихи-танымдық шара өтті. Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен Жетісу ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Human Resources Kazakhstan» жеке мекемесі және Жетісу ауданындағы демалыс орталықтарының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Экскурсия барысында балалар Орталық музейдің экспозицияларымен танысып, Қазақстанның көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихы туралы ақпарат алды. Музей залдарында археологиялық жәдігерлер, этнографиялық бұйымдар мен ұлттық мәдениетке қатысты құнды экспонаттар көрсетілді.

Қатысушылар халқымыздың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі және рухани құндылықтары жайында тың деректермен танысты. Сонымен қатар балалардың бір-бірімен еркін араласуына және командалық жұмыс дағдыларын дамытуына бағытталған тимбилдинг ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар балалардың бос уақытын тиімді өткізуге ғана емес, олардың тарихи санасын қалыптастырып, ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.