Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда
Жаңалықтар

Алматыда "Береке Fest" акциясы аясында тауарлар төмен бағада сатылады

26.09.2025
мин
0
398
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда "Береке Fest" акциясы аясында тауарлар төмен бағада сатылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
  
Алматыда ҚР Сауда және интеграция министрлігі ұйымдастырған "Береке Fest" республикалық акциясы аясында "демалыс күні" жәрмеңкелері жалғасып жатыр. Акция аясында  балғын көкөністер, жемістер, ет және басқа да  күнделікті қажет өнімдер нарық бағасынан 10-15% арзан сатылады. 

Атап  айтсақ, сиыр етінің бір келісі 2950 теңгеден, қой еті 2500 теңгеден, тауық еті 1100 теңгеден, күнбағыс майы 800 теңгеден, жұмыртқа 500 теңгеден, картоп 190 теңгеден, сәбіз 180 теңгеден, қырыққабат 13 теңгеден, қырыққабат 100 теңгеден сатылуда. Алдағы  демалыс күндері шамамен 700 тонна өнім сатылмақ.

Жәрмеңкелерді "Алматы "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" («Алматы» ӘКК) ұйымдастырып келеді.  Жыл басынан бері Алматыда 311 жәрмеңке өтті, онда 300-ден астам фермер 20,8 мың тоннаға жуық 1 000-нан астам түрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін сатқан еді. Келушілер фермерлік өнімдерді делдалсыз, өндірушілерден тікелей қолжетімді бағамен сатып алатын болады.

Жәрмеңкелер қаланың келесі аудандарында әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін өтеді. Алмалы ауданы: Абылай хан даңғылы, Қазыбек би көшесінің қиылысы (Түркістан облысынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кеңейтілген жәрмеңкесі); Алмалы ауданы: Масанчи көшесі, Гоголь көшесі мен Әйтеке би көшесі арасында; Бостандық ауданы: "Қазақфильм" ш/а, Исиналиев көшесі; Әуезов ауданы: Өтеген батыр көшесі-Абай даңғылынан төмен; Медеу ауданы: Меңдіқұлов бульвары-Бектұров көшесінің қиылысы; Жетісу ауданы: "Құлагер ш/а", Серіков көшесі, 2.

Бұдан бөлек, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Алматы қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен, "Алматы" ӘКК және Алматы қаласы статистика департаментімен бірлесіп кәсіпкерлерге сауда заңнамасын мүлтіксіз сақтау бойынша мониторингтік іс-шаралар мен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл