| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен Жетісу ауданы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Адам ресурстары «Human Resources Kazakhstan» жеке мекемесі мен Жетісу ауданының демалыс орталықтарының бірлесіп ұйымдастыруымен «Бес қару – 2026» әскери-патриоттық сайысы өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілікті арттыру, әскери-қолданбалы дағдыларды меңгерту, сондай-ақ балаларды төзімділікке, тәртіпке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу болды.
Сайысқа Жетісу ауданындағы демалыс орталықтарына қатысатын 10–16 жас аралығындағы балалар қатысты. Қатысушылар командалық форматта бақ сынап, өздерінің физикалық дайындығын, шапшаңдығын, ептілігін және төзімділігін көрсетті.
Сайыс бағдарламасы бірнеше әскери-қолданбалы бағытты қамтыды. Атап айтқанда, автомат макетін шашып-жинау, автомат оқтарын жинау, алғашқы медициналық көмек көрсету, газтұмылдырықпен әрекет ету, кедергілер жолағынан өту және турникке тартылу бойынша тапсырмалар орындалды.

Әр кезең қатысушылардың нақты дағдыларын дамытуға бағытталды. Автомат макетін шашып-жинау кезінде дәлдік пен шапшаңдық, оқтарды жинау барысында ептілік пен зейінділік бағаланды. Алғашқы медициналық көмек көрсету кезеңінде төтенше жағдайда дұрыс әрі жылдам әрекет ету қабілеті сыналды. Кедергілер жолағынан өту және турникке тартылу арқылы қатысушылардың физикалық дайындығы мен төзімділігі анықталды.
Іс-шара барысында жас жеткіншектер командалық рух пен ұйымшылдықты танытып, түрлі сынақтарды еңсеру арқылы өздерінің күшін, ептілігін, шапшаңдығын және психологиялық дайындығын көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар грамота, медаль, кубок, статуэтка және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Бес қару – 2026» әскери-патриоттық сайысы жасөспірімдердің әскери-қолданбалы дағдыларын жетілдіруге, оларды Отанды сүюге, жауапкершілікке, тәртіпке және кез келген жағдайда шұғыл әрі дұрыс шешім қабылдауға баулуға бағытталған маңызды патриоттық бастама болды.