| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда Береговой көшесі мен Ю.Ким көшесі қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
27 қарашада сағат 09:00-ден 28 қараша сағат 18:00-ге дейін Береговой және Ю.Ким көшелері қиылысында солтүстік бағыттағы көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Оңтүстік бағыттағы қозғалыс ашық болады.
- Уақытша шектеу жол астында орналасқан жабын плитасын ауыстыру жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр. Жоспарлы тексеріс кезінде плита зақымданғаны анықталды, - деп жазылған хабарламада.