Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда блогерлер ақша бопсалағаны үшін ұсталды. Бұл туралы ІІМ мәлім етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстады. Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған. Қаскөйлер 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды.
ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.