Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Экс-судья Светлана Жолманова алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл жағдайға қатысты Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.
Медеу аудандық полиция Басқармасы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деді қалалық ПД.
Еске салайық, бұған дейін 2021 жылдың 28 сәуірінде Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолманованың үстінен алаяқтық фактісімен қылмыстық іс қозғалған. Оның кабинетін тінту кезінде 10 мың доллар тәркіленген. Ол сот шешімдерін белгілі бір адамдардың пайдасына шығаруға көмектескен болатын. Алайда іс кейіннен тоқтатылған еді.
Ал былтыр 29 сәуірде Жоғарғы сот төрағасының өкімімен Светлана Жолманованың өкілеттігі тоқтатылды.